Басқару серверінің интернетке қатынасу параметрлерін конфигурациялау

Барлығын жаю | Барлығын жию

Kaspersky Security Network пайдалану, сондай-ақ Kaspersky Security Center және "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламалары үшін антивирустық дерекқорлар жаңартуларын жүктеу үшін интернетке қатынасуды конфигурациялау қажет.

Басқару серверінің интернетке қатынасу параметрлерін көрсету үшін:

  1. Басты мәзірде Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Жалпы қойыншасында Интернет желісіне қатынасу параметрлері бөлімін таңдаңыз.
  3. Интернетке қосу үшін прокси-серверді қолдану керек болса, Прокси-серверді пайдалану параметрін қосыңыз. Параметр қосулы болса, параметрлерді енгізу өрістері қолжетімді болады. Прокси-серверге қосылудың келесі параметрлерін конфигурациялаңыз:
    • Мекенжай
    • Порт нөмірі
    • Жергілікті мекенжайларға арналған прокси-серверді айналып өту
    • Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама
    • Пайдаланушы аты
    • Құпиясөз

Сондай-ақ, бағдарламаны жылдам іске қосу шебері арқылы интернетке қатынасуды конфигурациялуға болады.

Басына оралу